Тіл –қатынас құралы
Тіл – адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық
өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Халқымыздың өткен тарихы, әдет-ғұрыптары, сал-дәстүрлері бізге тіл
арқылы жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарайды.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. «Өнер алды –
қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар.
Қоғам жоқ жерже тіл болмайды, сондықтан тіл – қоғамдық құбылыс.
Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Халықтың тарихта қалуы
тікелей тіліне байланысты.
Дәлірек айтқанда, тіл – халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті.
Тапсырмалар
1.Мәтінді оқы. Мазмұнда.Сұрақтар құрастыр.
2. Қазақ тілінде шығатын газет, журналдардың, теле-радио хабарлардың
атауларын жазу.
3. Берілген жоспарлар арқылы шағын әңгіме құрастыр.
а)Тіл – қатынас құралы, қоғамдық құбылыс.
ә)Әр халықтың өз ана тілі бар.
б)Ана тілі – бай тіл.
4.Тақырып бойынша сұрақтарға жауап бер.
«Тіл» деген сөздің қандай мағыналары бар?
Сенің ана тілің қай тіл?
Қазақ тілі қандай тіл?
Мектебінде қандай тіл пәндері жүрді?
Ана тіліңде еркін сөйлей аласың ба?
Ана тіліңді кімнен үйрендің?
5. Оқы, орыс тіліне аудар.Қалай түсінесің?
Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып,
Ел-жұртыңды сүйе алмайсың.
(К.Паустовский)

Не нашёл ответ?

Если тебя не устраивает ответ или его нет, то попробуй воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Найти другие ответы

Загрузить картинку
Самые новые вопросы